Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Жолдау – жарқын күндер жоспары

Жолдау – жарқын күндер жоспары

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Əділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Əр жыл сайын ҚР Президенті Жолдауды өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді. Өйткені Президент Жолдауы мемлекетіміздің даму жолындағы бағыт берер басты құжаты. Биылғы Жолдаудың негізгі мəні еліміздің экономикалық əл-ауқатын арттыруға, халқымыздың дамуына арнап отыр.

Биылғы Жолдау халқымыздың əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйткілді мəселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында халықтың əл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында экономиканың тұрақтылығын арттыруға бағытталған жаңа жоспарды əзірлеу қажеттігі басымдық ретінде берілген. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикалық тəуекелдерді еңсере отырып, тұрақты жəне қуатты экономикасы бар гүлденген елге айналу мүмкіндігінің зор екенін атап өтті. Кез келген елдің дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – сол елдегі халық санының өсуі мен адам ресурстары. Халық пен экономикалық мəселелер бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында халықтың табыс деңгейінің, еңбекақы деңгейінің, сапалы білімнің артуы, елімізге қажетті мамандарды даярлауға көңіл бөлу, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мəселелері жан-жақты қамтылған.

Бағдат ƏБДІРАЙЫМОВ,
Ұлытау ауданы білім бөлімінің басшысы.

10:15
126
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.