Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

«Жолаушы» акциясы»

«Жолаушы» акциясы»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Көлік комитетінің төрағасы А.С. Әлі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қ.Ә. Сұлтанбаев бекіткен, «Заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша, 2023-2027 жылдарға арналған автомобиль жолаушылар тасымалы саласындағы ЖОЛ КАРТАСЫ» -ның   1-бөлімінде көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында, 2024 жылдың      27 мамыры 02 маусымы аралығында облыстық бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) жұмылдыру арқылы, Ішкі істер органдарымен бірлескен автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалын қадағалау бойынша «Жолаушы» акциясы өткізілді. Акция барысында, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы        № 349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары», Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығымен бекітілген «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидалары» және басқада автомобиль көлігі саласында нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуы бойынша тасымалдаушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Изображение

Изображение

 Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571 бабы              3 тармағы бойынша 3 әкімшілік хаттамалар, 571 бабы 2 тармағы бойынша                         3 әкімшілік хаттамалар, 623 бабы бойынша 1 әкімшілік хаттама толтырылып, 119 990 (жүз он тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан) теңге мөлшерінде айыппұлдар салынды.       

10:45
38
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.