Жолдауға — қолдау. Жолдау — оң өзгерістердің бастауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдаған болатын. Онда еліміз үшін маңызды, өзекті мәселелерді қозғап, оның орындалысы мен шешілу жолдары жайлы нақты тапсырмаларды ұсынғанды.Үкіметке берілген тапсырмалар, жоспарланған бағыттар халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ұрпақ болашағына, білім, медицина, ауылдарды көтеру және басқа да бағыттарға бастау алады. Әр Жолдау ел дамуының жаңа міндеттерін айқындап береді. Жолдау – стратегиялық құжат. Ондағы міндеттерді жүзеге асыру мемлекетіміздің болашағын нұрлы етеді. Ел дамуы үшін жасалынып жатқан нақты жұмыстар бүгінде жұртшылықтың көңілінен шығуда. Жолдау — болашақтың жаршысы. Алда тұрған бағыттар іске асып жалғасын табады деген сенімдемін.
Сағат КЕНШІМОВА,
Байдалы би ауылының кітапханашысы