Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Су тасқыны кезеңіне дайындық

Су тасқыны кезеңіне дайындық


Су тасқыны – әдетте көктем мезгілінде күннің күрт жылуынан қардың толассыз еруі салдарынан өзен көлдердегі, су қоймаларындағы  судың көтеріліп,  елді мекендерді су басуы.

Изображение

Су тасқынының келтірер зардаптарының қатарына үйлер мен ғи-мараттардың, көпірлердің қирауын, темір жолдар мен автокөлік жолдарын су шайып, инженерлік желілердегі апат, тұрғындар арасындағы зардап шегушілер мен жан-жануардың қырылуы сынды оқиғаларды жатқызуға болады.

Су тасқыны кезінде тұрғындарды алдын ала хабардар ету мақсатында жұмыс орындары мен пәтерлерде радио желісі тәулік бойы жұмыс атқарып тұруға тиісті. Хабарландыру сигналдары, эвакуация жасау шараларымен, ережелерімен танысып, соған алдын ала дайын болыңыз.


Су тасқыны қаупі туындаған жағдайдағы іс әрекеттер:

Төтенше жағдайлар мен іс-әрекет жөніндегі нұсқаулықтар мен ақпараттарды мұқият тыңдаңыз, телефон желісін қажетінсіз қолданбаңыз, сізбен хабардар ету үшін желі бос болуы керек.

1.    Сабырлық сақтап, көршілерге ескер¬тіңіз, мүгедектерге, балаларға жә-не де егде жастағы адамдарға көмек көрсетіңіз.

2.    Жергілікті билік орындарынан эвакуация үшін тұрғындарды жинау орнын анықтап, соған дайындалыңыз.

3.    Құжаттарыңызды, киім, қажет заттарыңызды, бірнеше күнге арналған тамақтар мен дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Барлығын бір чемоданға жинаңыз.         
4.    Құжаттарды су өткізбейтін пакеттерде сақтаңыз.

5.    Электрлік қондырғыларды тоқ көзінен ажыратып, газды сөндіріңіз.

6.    Бағалы заттарыңыз бен азық-түлік өнімдерін үстіңгі қабаттарға немесе жоғары бөлікке көтеріп қойыңыз.

7.    Шамаңыз келсе су басып жатқан аймақтан кетіп қалыңыз.

8.    Есік терезені жабыңыз, уақытыңыз болып жатса, бірінші қабаттағы есік терезелерді тақтаймен бітеп кетуге тырысыңыз.


Егер су тасқынына тап болсаңыз:

1.    Жоғарғы қабатқа көтеріліңіз. Егер бір қабатты үй болса, шатырға шығыңыз.

2.    Айналаңызда зардап шегушілер жоғына көз жеткізіңіз, болған жағдайда шамаңыз келгенше көмек қолын созуға тырысыңыз.

3.    Көмек келгенше жоғарғы қабаттарда, төбелерде, ағаш немесе басқа да жоғарылықта болыңыз, мүмкін болса ұялы телефонмен хабарласыңыз, құтқарушыларға Сізді мүмкіндігінше тез табу үшін белгі беріңіз.

4.    Аумақты су басу қаупін байқаған кезде ТЖ қызметінің 112 нөмірі бойынша қоңырау соғып, хабарлау қажет.
Есіңізде болсын, қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін арашалап қалу мүмкіндігіңіз көбейеді.

20:40
36
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.