Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Жолдау: Жаңару жолдары берекелі тірлікке бастау

Жолдау: Жаңару жолдары берекелі тірлікке бастау

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа кезекті Жолдауын өзім дәл осылайша бағалаймын. Өйткені, Жолдауда оның тақырыбынан көрініп тұрғанындай –ақ,  еліміздегі жаңа экономикалық саясат қай бағытта өрбиді, халықтың әл –ауқатын көтерудің жолдары қандай, қайтсек жаңа экономикалық сапаға көтерілеміз дегендей мәселелердің нақты жауаптары бар. 

Сондықтан да, мені ғана емес көпшіліктің басым бөлігін Жолдауда белгіленген жаңа мақсаттар азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешуге бағытталғаны ерекше қуантқаны рас. 

Жаңа бағдарламалық құжаттың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» деп аталуында да үлкен мән жатыр. Өйткені, әділетті қоғам орнату мен экономикалық өсімге қол жеткізу бір –бірін толықтырып отырады. Өткен тарихи даму кезеңдерінде кеткен кемшіліктердің көпшілігі әділетсіздікке байланысты туындағанын өмір көрсетті. Сондықтан, әділеттілікке қол жеткізу,  заң үстемдігінорнатуға деген талпынысымыз күн тәртібінен түспегені дұрыс. Бұл реттегі кейбір оң нышандар қоғамда қазірдің өзінде –ақ сезіле  бастады. 

Әрине, Жолдаудағы басты назар  жоғарыда айтып өткенімдей, елдегі нақты экономикалық өсімге бағытталған. Осы мақсатта орта бизнесті дамыту, берік индустриялық негіз құру, экспортты ынталандыру, макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу және т.б. міндеттер дәйекті түрде шешілетін болады.

Өскелең ұрпақ пен еңбек адамына да ерекше назар аударылды. Қазақстандық балалар үшін бірнеше бағыттар әзірленетін болады – бұл білім сапасын арттыру, «Келешек» Бірыңғай ерікті қаржыландырылатын жүйесін енгізу және т.б. Ал 2023 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясындағы жұмыс ауыр өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін азаматтардың еңбек құқықтарын жақсырақ сақтауға мүмкіндік береді. Бұл әрқайсымыз үшін маңызды. Сонымен қатар, көптеген прогрессивті міндеттер бар, олр ең алдымен, су және энергия үнемдейтін технологиялар саласында және жаңартылатын энергия жобаларын жүзеге асыруда. Біз болашағымызға батылдықпен қараймыз, ысырапшылдыққа, табиғи ресурстарды ұқыпсыз тұтынуға орын жоқ, оны балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз үшін сақтауымыз керек.

Мемлекет басшысының Жолдауының кейбір тұстарына ғана қысқаша тоқталып өттім. «…Бізде болашақтың айқын бейнесі бар: біз Әділ Қазақстан – тең мүмкіндіктер және прогресстер елін құрып жатырмыз». Президенттің Жолдауда осындай мәлімдеме жасауы біздің бәрімізден қолдауды қажет ететіндігін де түсіне білгеніміз абзал. Өйьткені, ел –бәрімізге ортақ. Елдің бүгіні мен ертеңі үшін баршамыз да жауаптымыз. Бәріміз жұдырықтай жұмылғанда ғана берекеміз артады, табысымыз молаяды, жағдайымыз жақсара түседі. Осыны әркімнің түсіне білуі керек. 

Сандуғаш Жакупова, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты.

10:30
350
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.