Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысы бойынша қанша жеке тұлға Декларация табыстады?

🔹Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00- нысан) (бұдан әрі – Декларация) ұсына бастады.

🔹Декларация декларацияны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған.

🔹Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары (қатысушалыры) және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды.

🔹2024 жылы Декларацияны Ұлытау облысы бойынша 23,0 мың жеке тұлға табыстауы қажет.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 17,0 мың жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 74% декларацияны тапсырды.

Оның ішінде Декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеушінің кабинетті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы(egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы табысталған.

📌Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз.

Декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша ұсынылады.

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

12:10
267
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.