Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2023 жылдың қыркүйек айындағы «Әділетті Қазақстанның экономиклық бағдары» атты жолдауымен танысқан болатынмын. Елімізде орын алып жатқан өзгерістер, атап өткенде ұстаздардың, дәрігерлердің жалақысы, еліміздің орташа жалақы есебінен әлдеқайда өсуі, халыққа зейнетақының бір бөлігін пайдалану, «Жайлы мектеп» аясында салынған мектептер, ауылдық жерге 300 медициналық орталық салынуы, «ұлттық қор – балаларға» жобасы іске асуы. Бұл аталып өткен өзгерістер тек бір бөлігі ғана екенін айтқан Президент жолдаулардың назарлардын тыс қалмауы үшін әрбір аталатын жолдауларға бөлек мамандар тағайындалуын бұйырды.

Жолдаудың басты мақсаты өзгерістер тек қағаз жөнінде емес, шынайы халықтың күнделікті тұрмысы, шикізат өндіретін өнеркәсіптердің дамуы, отандық кәсіпорындардың жағдайына аса мән беру, әр өндірістің сапасын арттыру, агро өнер кәсіпті аса қолға алу, агросалаға арналған техникаларды сатып алу,  өз елімізде агро саласы арқылы өндіріліп отырған шикізаттардың пайызын өсіру, осы агросалаға бөлініп отырылған су ресурсын реттеу, қазіргі уақытта өзекті болып отқан көлік мәселесі, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін арттыру тапсырылды.

Аталған өзекті мәселелер мен өткізілген тақырыптардың орындалуына арнайы қосымша кадр мамандарын арттыру тапсырылды, жоғары орынға үміттілер көп, бірақ біліктілігі жоғары мамандарды отырғызу бұйырылды. Осылайша президентіміздің жолдауының әрбір пунктінің адал ниетпен орындалатынана сеніміз мол. Жарқын болашаққа, жаңа Қазақстанның рухани дамуы және жемқорлыққа жол бермеу үшін ең алдымен өзімізден, ішкі жан дүниемізден бастағанымыз жөн.  Берілген тапсырмаларға үңіле қарап, өз үлесімізді қоса білейік.

Исламбек Ғазиза

«Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ маманы

09:10
210
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.