Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

ҚМА мен облыс әкімдерінің бірлескен әрекеттері нәтижесінде 65 млрд теңге үнемделді

ҚМА мен облыс әкімдерінің бірлескен әрекеттері нәтижесінде  65 млрд теңге үнемделді

Қаржылық мониторинг агенттігі заманауи талдамалық құралдарды пайдалана отырып, 61 ірі инфрақұрылымдық нысанды жоспарлау кезеңінде олардың құнын төмендету үшін резервтерді анықтады.

Нәтижесінде облыс әкімдіктерімен бірлескен жұмыс ЖСҚ түзетіліп, 65 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді. 

Қазіргі уақытта 11 млрд теңгеге қымбаттату тәуекелі бар тағы 12 нысанның құжаттары тексерілуде. 

Мәселен, елордада әкімдікпен бірлескен жұмыстың нәтижесінде магистральдық кәріз коллекторын салу бойынша инфрақұрылымдық объектіні жобалау кезінде мемлекеттің 5,3 млрд теңгеге артық шығыстарының алдын алынды (нәтижесінде жобалау сатысында құрылыс құны 26,4 млрд теңгеден 21 млрд теңгеге дейін төмендетілді).

ҚМА талдау нәтижелері бойынша Ақтөбе қаласының «Парасат» тұрғын алабында электрмен жабдықтау желілерін салу" объектісін жобалау сатысында 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.

ҚМА бұл бағыттағы жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде жүргізеді. 

Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және қылмыстық іске жеткізбей, ерте сатыда ұрлық тәуекелдерін болдырмау арқылы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл призмасы арқылы мемлекет пен адал бизнестің мүдделерін қорғауға бағытталған. 

Бұл бағыт Агенттік жұмысындағы басым бағыттарының бірі болып табылады.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

11:10
126
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.