Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Оразбек Бекбас: Болашақ – атом электр стансаларында

Оразбек Бекбас: Болашақ – атом электр стансаларында

«Қазақстанның салалық энергетиктер кәсіподағы» ҚБ төрағасы Оразбек Бекбас атом электр стансасын салуға қатысты пікір білдірді.

«Атом электр стансасын салудан қорқатын ештеңе жоқ. Қазақта «қорыққанға қос көрінеді» деген сөз тіркесі бар. Радиация бар. Дегенмен әлемде 360 МВт-тық бірінші АЭС 1966 жылы Швецарияның Вицнау қаласында салынды. Содан бері 52 мемлекетте АЭС бар, 400-ден астам реактор жұмыс істеп тұр. Әр мемлекетте радиоактивті қалдықтарды көметін орны бар. Тіпті, Қазақстанның өзінде радиоактивті қалдықтарды сақтайтын қойма Үлбі металлургиялық комбинатында, Ақтаудағы Қошқаратада, Степногорскіде бар. Сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ. Әрине, апат болса өте қауіпті екені рас. Ақылды адам өзгенің қателеріне қарап, өз қатесін түзейді. Сондықтан алдығы қатарлы принциптермен салынған стансияларды қарастыруымыз қажет. Болашақ – атом электр стансаларында», — деді ол.

Оның атап өтуінше, АЭС салумен елдің энергетикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейді. Сондықтан Жылу электр орталықтары, жаңаратын энергия көздері салынады. Жалпы ЖЭО мен АЭС-тің пайдалы әсер коэфицентінде алшақтық бар. Мәселен, ЖЭО-ның пайдалы әсер коэфициенті көмірдің сапасына байланысты 40 пайызға ғана жетсе, АЭС-тің пайдалы әсер коэфициенті 70 пайыздан асады.

15:30
160
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.