Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

АЭС – энергетикалық қауіпсіздік кепілі

АЭС – энергетикалық қауіпсіздік кепілі

Президент Жарлығына сәйкес елімізде АЭС салу не салмау туралы сұрақтың жауабын референдум арқылы халық шешеді.

Изображение

Дегенмен АЭС-тің пайдасы қандай, зияны бар ма деген мәселеде маманның пікірі маңызды. Біз экономист Сапарбай Жобаевпен атом энергиясының экономикалық тиімділігі және энергетикалық қауіпсіздігі туралы бірқатар сұрақ төңірегінде әңгімелескен едік.

– Сіз АЭС салуды қолдайсыз ба? Әлемдік тәжірибеде қай елдің АЭС-сы қауіпсіз саналады және біз кімді таңдаймыз деп ойлайсыз?

– АЭС салуды қолдаймын. Бү­гін­де әлем бойынша 31 елде 415 атом реактор бар болса, тағы 60-қа жуығы жаңадан салынып жатыр. Әлем­дегі ең қуатты атом электр стан­­­­cалары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ-та орна­лас­қан. Ал Қытай, Үндістан, Түр­кия, Мысыр сынды елдер соңғы жыл­дары атом энергетикасына бел­сенді түрде инвестиция салып жа­тыр. Егер 6 қазанда халық қол­дап, елімізге АЭС салу туралы ше­­­­шім қабылданатын болса, қазір 4 елдің тәжірибесі қарастырылып жат­қанын білеміз. Олар – қы­тай­лық CNNC, кореялық KHNP, ре­сейлік «Росатом» және француз­дық EDF компаниялары. Ме­нің­ше, бұл елдің қай-қайсысы салса да алдымен біздің ел үшін қауіпсіздік мә­селесіне ерекше мән береді деп ойлаймын. Мәселен, Ресей қазір Түр­кияға АЭС салып жатыр. Егер біз­дің мамандар Ресеймен шарт жа­сап жатса, оған таңғалудың қа­жеті жоқ.

АЭС тарихында 3 ірі апат бол­ды: АҚШ-та, Чернобыльде және Жа­пониядағы Фукусима-1 стан­са­сында. Халық жадында осы апат­тар­дан қалған қорқыныш бар. Де­генмен әлем елдері ғылыми-тех­нологияның дамуы және апат­тар­дан алған сабақ пен тәжірибеге сүйене отырып, қауіпсіздік көрсет­кіш­тері біршама күшейтілген жаңа буын реакторларын пайдалануды қолға алды деп ойлаймын. Сон­дық­тан бүгінгі күні АЭС-тен келе­тін апаттың алдын алу әлемдік дең­гейде сын-қатерден өтті деп ай­туға болады.

– АЭС салудың еліміз үшін ст­ра­тегиялық және экономикалық тиім­ділігі қандай? Ол өзін ақтай ма? Эко­логиялық зардабы жоқ па?

– Бұл – күрделі сұрақ. АЭС салу­дың инвестициялық шығын­дары есебінен электр энергиясы қымбатырақ болуы мүмкін. Неге? Се­бебі көмір ең арзан электр энер­гия­сын береді. Мәселен, 2010 жыл­­­­дарда Екібастұз ЖЭС-да өн­дірілетін электр қуатының өзіндік құ­ны 4 теңге еді, қазір 7 теңге деп ай­тып жүр. Ал АЭС 11-15 теңге болуы мүмкін. Біз Киото хатта­ма­сына және Париж келісіміне қо­сылған ел ретінде климаттық өз­геру­ге себеп болып отырған қауіпті қал­дық шығаруды қысқарту және кө­міртегі бейтараптығына қол жет­кізу секілді стратегиялық мін­дет­темелерді орындауымыз керек. Ал АЭС-тан көмірқышқыл газ шық­пайды. Сондықтан оның қа­уіп­сіздік мәселелері туралы ма­ман­­дардың уәжіне құлақ асуымыз ке­рек. Яғни, көмірқышқыл газ шық­пағаннан кейін оның кли­матқа әсері жоқ десек те болады. Сон­дықтан біз әлемдік тәжірибеде жа­сыл энергетика көзі саналып отыр­ған АЭС салуға, жасыл энер­гия­ға өтуге көбірек әрекет жасауы­мыз керек. 

Қазақстан күн және жел, су сияқ­ты табиғи ресурстары өте қуат­ты ел дегенге мен қосыла ал­май­мын. Біз бар болғаны 3-4 пайыз ғана су электр стансала­ры­нан электр тогын ала аламыз және сол­түстік аумақ өте үлкен, ал оң­түс­тікте күн электр энергиясы өзі­не жетпейді. Оны тасымалдау өте тиімсіз. Күн сәулелі Түркия­­­ның өзі де күннен энергия ала ал­май отыр. Жел бүгін бір жаққа, ке­лесі күні басқа жаққа соғады, Мә­селен, Қордайдан ары-бері өт­кен кезде көреміз, 15 шақты жел энер­гиясына арналған қон­дыр­ғы­лары бар. Бастапқы кезде соның 10 шақтысы істейтін еді, қазір 4-5-і зорға істеп тұр. Сондықтан жел энергиясына сенім аз. Жел үне­мі соғып тұратын жерлер бар, бір­ақ жел мен күн қуаты елімізде 4-5 пайыз, одан көбірек болады деу, мүмкін 10 пайызға баратын ш­ғар, бірақ одан асады деп айта ал­маймыз.

Экономика мен энергетика егіз ұғым десек, бізге экономи­ка­ның тұрақты, үздіксіз дамуы үшін тұрақты қуат көзі керек. Қазіргі тұ­жырымдама бойынша, АЭС кем де­генде 80 жылға дейін жұмыс іс­тей алады. Мұндай ұзақ мерзімді перс­пективада бұл шыққан шы­ғын­дарды неше есе артығымен өтей­тіні даусыз.

– Ал АЭС-ті салуға, оны дұрыс пай­­­­­далануға отандық мамандардың әлеуеті жете ме?

– Мықты маман, білікті кадр та­рапынан біздің елімізде проб­ле­ма бола қоймайды деп ойлаймын. Бұрын Ақтауда заманында әлемде болмаған атом энергокомбинаты­ның құрамында апатсыз пайдала­ныл­ған БН-350 жылдам нейтрон­да­рындағы әлемдегі алғашқы энергетикалық реактор болды, онда білікті, тәжірибелі мамандар жұ­мыс істеді.  Еліміз уран өндіру бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Республиканың атом өнеркәсібінің жаңа кәсіпорын­дары дамыды. Мысалы, былтырғы жылы Өскеменде ядролық отын өндірісі басталды. Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық пен Ал­ма­тыдағы ядролық физика инс­титуты бар дегендей барлық әлеуе­тімізді ескерсек, сала мамандарына қиындық туындамайды. Сонымен қатар АЭС салатын елмен келі­мі­сімшарт негізінде отандық маман­дарды оқытуға мүмкіндік те уа­қыт­та болады деп ойлаймын.

Сондай-ақ қауіпсіздік мә­се­лесінде АЭС бақылаусыз, кез кел­ген­нің ермегі емес екенін ескеру ке­рек. Мәселен, Атом Қуаты Ха­лық­аралық Агенттігі (АҚХА), яғни МАГАТЭ жарғысына сәйкес, еліміз атом энергиясын бейбіт мақ­сатта пайдаланушы ел ретінде бір­қатар қауіпсіздік және сапалық та­лаптан тұратын, 20 шақты шарт­қа сай болуы керек. Сондықтан қай ел салса да алдымен халықара­лық шарттар ескеріледі деп ойлай­мын.

– АЭС құрылысына қазір екі ау­мақ таңдалған екен. Алайда Ал­маты облысының Жамбыл ауда­нын­дағы Үлкен ауылына салған тиім­­­дірек деген пікірді қолдаушылар басым секілді. Сіз қай аумақта сал­ған тиімді деп ойлайсыз?

– Меніңше, АЭС сулы аймақта бол­ғаны дұрыс. Себебі суды сал­қын­дататын қондырғыға су қажет бо­лады. Бірақ сарапшылар бұл Бал­­­­қаштың су көлеміне кері әсері бол­майды деп отыр. Еліміз бойын­ша ең алдымен энергия тапшылы­ғы оңтүстік жақта қатты сезілуі мүм­кін деген болжамға сенсек, АЭС-ті оңтүстік өңірге қарай сал­ған жөн. Сонымен қатар экономи­ка­­лық тұрғыдан да тиімді.

АЭС-тің тиімділігіне тоқталар бол­сақ, бүгін бізде электр қуаты тап­шылығы қазірдің өзінде бі­лінеді. Мәселен, 2023 жылы біз Ре­­­сейден 2 млрд кВ электр энер­гия­сын валютаға сатып алдық, бұл біз­де өндірілетін 135 млрд кВ-қа жа­қын электр энергиясымен са­лыс­тырғанда 2 пайыз ғана болуы мүм­­кін. Бірақ бұл тапшылық бо­лашақта көбейе береді. Сондықтан өне­р­кәсібі дамыған үлкен қа­ла­лардың жанынан бір ғана емес, бір­неше АЭС салған дұрыс. Мұх­тар Жәкішев кішігірім қуатты АЭС са­лып, оның да пайдасын көру ке­­­рек депті. Ол туралы да ойланып, ма­мандар дұрыс шешім қабылдай­ды деп ойлаймын.

– Рақмет!

Әңгімелескен 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

20:50
152
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.