ЖАҢА ЖОЛДАУ – ЖАҢАША БАҒДАР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 1-і күні «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Жыл сайынғы Жолдау елдің
дамуына жаңаша бағдар, соны
серпін беретіні рас. Бұл Жолдауда да ел өміріне қатысты бірқатар
толғақты мәселелер сөз болды.
Қаржы, салық қатынастарына
қатысты Президенттің бастамалары осы салалардағы қордаланып
қалған, халықтың көңілінде жүрген
мәселелерді шешуге бағытталса,
облыстық маңызы бар қалалар
мен аудандар әкімдерін халықтың
тікелей сайлануына жол ашу — саяси реформалардың қарқынды
түрде жүргізіле беретіндігін
айғақтайды.
Президент сонымен қатар,
елдің ішкі тәртібін нығайту
қажеттігіне де назар аударды.
Шынында да, әртүрлі күштердің
елдің бірлігіне сына қаққысы келетін жымысқы әрекеттері арагідік байқалып қалып та жүр. Ал,
бұған жол беруге болмайды.
Сондықтан да, Президент бұл
мәселеге де дер уақытында назар аудара білгенін атап өткен
орынды.
Халықтың арасында көптен бері
сөз болып жүрген АЭС салу туралы мәселеге де Жолдауда нақты
жауап берілді. Өйткені, Президент
бұл мәселені халықтың өзінің
таңдауына қалдырды. Сөйтіп,
түйінді референдум арқылы тарқатуды ұсынды. Мәселені шешудің
бұдан артық оңтайлы жолы бола
қоймасы анық.
Жолдауда айтылған ұсыныстар, көтерілген бастамалар туралы толық қамтып айту әрине,
оңай емес. Қазірдің өзінде белгілі саясаткерлер, ірі өндіріс
өкілдері, зиялы қауым Жолдау
жөнінде ойларын ортаға салуда.
Солардың қай-қайсысы болсын
жаңа Жолдаудың ел дамуына
жаңаша бағдар ұсынғанын баса
көрсетіп жатыр.
Ендеше, еліміз жаңа биікке
көтеріледі деп үміттенейік һәм сол
үшін бірлесе еңбек етейік!
Абдолла ДАСТАНОВ,
«Шындық» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы.