Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Мемлекет басшысының Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында біршама ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. 

Мен де, өз тарапымнан зерттеу жұмыстарын жүргізіп, адамдар сұхбаттасу барысында көптеген мәліметтерге тап болдым. мәселен, АЭС салу – бір күннің мәселесі емес. Жобаны іске асыру он жылды, тіпті одан да көп уақытты алуы мүмкін. 

Атом мамандары бүгінде атом станцияларында қолданылатын технологиялар қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді деп мәлімдейді. Бүгінде Қазақстанда болашақ АЭС пайдалану үшін жеткілікті кадрлық әлеует бар. Қазақстанның атом саласында 20 мыңнан астам адам, оның ішінде негізгі өндірістік персоналдың 15 мың адамы жұмыспен қамтылғанын ескеру қажет. Сондай-ақ, көптеген мамандар Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында жұмыс істейді, онда ондаған жылдар бойы атом реакторлары табысты пайдаланылып келеді, сондай-ақ ядролық энергетикалық қондырғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында әлемдік деңгейдегі жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстардың нәтижелері Жапонияда, Францияда және біздің ядролық ғалымдарымыз ынтымақтасатын басқа елдерде атом электр станцияларының бірқатар инновациялық жобаларында ескеріледі. Айнур Абильжан

12:35
148
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.