Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға тұрақтылығы үнемі бақылауда

Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға тұрақтылығы үнемі бақылауда

Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ішкі сауда қызметін реттеу саласында, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына сауда үстемесін қадағалайтын мемлекеттік орган.
Қазіргі таңда облыс төңірегінде әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына баға тұрақты. Бұл департаменттің әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына  бағасының өсуін тежеуді бақылау құралдарын тиімді іске асыру есебінен қамтамасыз етілді.
2024 жылдың 8 айында департаментпен электрондық шот фактураларға талдау жүргізіліп және Ұлытау облысы әкімінің өкіміне сәйкес құрылған Ұлытау облысы бойынша азық-түлік бағаларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия қатысушыларының қажырлы еңбегінің арқасында, әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарына сауда үстемесінің мөлшерін негізсіз арттырған барлығы 205 кәсіпкер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 
Ағымдағы жылдың 8 айында атқарылған жұмысты 2023 жылмен салыстырғанда 300% пайызға артық орындалған. Жосықсыз кәсіпкерлерге 923 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, қысқартылған түрінде 461 500 теңге айыппұл өндірілді.
Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына заң бұзушылықтардың басым бөлігі сүзбе, күнбағыс майы, жұмыртқа, тауық еті, қант, күріш және рожки өнімдеріне анықталған.
Анықтама. ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңының 9 бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында жария шарт жағдайында тауар өткізу кезінде тауарлардың баға жапсырмаларын орналастырмаған 11 жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 193-бабы 4-тармағына сәйкес жауапкершілікке тартылып, қысқартылған түрінде 129 220 теңге көлемінде айыппұл өндірілген.
Анықтама. ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңының 9 бабына сәйкес тауар бағасы Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт жағдайларында оны өткізу кезінде теңгемен көрсетіледі.

14:20
133
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.