ЖАҢА ЖОЛДАУ – ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫ
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған дəстүрлі Жолдауын жария етті. «Əділетті Қазақстан: заң мен тəртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбы телінген жылдың басты құжаты елдің болашағына бей-жай қарамайтын қалың қауымның көңіліне айтарлықтай деңгейде қонымды болды. Себебі, Президент ұстанымы сөздің шынайы мағынасында қарапайым халықтың талап-тілегімен астасып жатты. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, жаңа Жолдау жалпы қоғамды толғандыратын жайттарды еңсеру бағытын айқындап берді деп тұжырым жасауға толыққанды негіз бар.
қоятынын мəлімдеді. Əрине, бұған қатысты салиқалы ұстанымды алға оздыра отырып, түбегейлі шешім қабылдау – Қазақстан халқының өз еншісіндегі іс.
Бүгінгі күні бүкіл əлемдегі секілді Қазақ елі де ілгері басу мақсатымен түбегейлі өзгерістер жолына түскені баршаға жақсы мəлім. Сынағы мол сындарлы кезеңде біздің мемлекетіміз дамудың жаңа да дара бағытын түпкі межеге іркіліссіз жету жолы ретінде айқындап, сенімді қадамдар жасап келеді. Бұл жол – Президент атап өткендей, Əділетті, Таза жəне Қауіпсіз Қазақстан құру жолы. Осынау бағыттан таймайтын болсақ, Заң мен тəртіп шынайы үстемдік құрып, бірлігі мен ынтымағы мызғымайтын біртұтас ұлтқа айналуға тиіспіз. Бұған Мемлекет басшысының Жолдауындағы тың бастамалар мен мерейлі міндеттердің мерзімінде əрі мінсіз орындалуы кепіл болары күмəнсіз.
Түйіп айтқанда, жаңа Жолдау – жасампаздық жолы. Оның əр тарауына сергек қарап, серпінді түрде жүзеге асырылуына мүдделі болу – əрқайсымыз үшін қастерлі борыш!
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
Ұлытау аудандық мəслихатының төрағасы,
«AMANAT»партиясы Ұлытау облыстық филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі,
партияның аудандық филиалының төрағасы