Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау бөлімінің 2024 жылғы 8 айдағы қызметінің қорытындылары

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен қарастырылған функцияларын орындау аясында, Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі — Департамент) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру жолымен, мемлекеттік аудит объектісіне шықпай камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтарды болдырмау және уақытында оның алдын алу, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болып табылады.

Мәселен, Департамент а.ж. 8 айында қамтылуға жататын 5406 лоттың жалпы сомасы 163,4 млрд. теңге, 5325 лоты (немесе қамтуға жататын лоттардың жалпы санының 98,5%) жалпы сомасы 115 млрд. теңгеге камералдық бақылаумен қамтылып, оның 790 лоты бойынша сомасы 20,1 млрд. теңгеге бұзушылықтар (немесе қамтылған лоттардың жалпы санының 6,7%) анықталды.

Есепті кезеңде 778 хабарлама орындалды (немесе жіберілген хабарламалардың жалпы санының 98,5%), оның ішінде 12 хабарлама бойынша орындау мерзімі басталмады, ал орындау мерзімі өткен хабарламалар бойынша Департамент камералдық бақылаудың тиісті ден қою шараларын қабылдады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 30-бабы 4-тармағы 2, 3)-тармақшаларына сәйкес, камералдық бақылаудың ден қою шаралары: осы Заңның 32-бабында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.

Мәселен, Департамент хабарламаны тиісінше және уақтылы орындамағаны үшін ағымдағы жылы мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша 11 шығыс операцияларын тоқтатты, бүгінгі күні 10 аудит объектілері бойынша хабарламаның тиісінше орындалуына байланысты мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын қайта жаңартылды.

Сондай-ақ, хабарламаны тиісінше және уақтылы орындамағаны үшін құзыреті шегінде 44 әкімшілік іс қозғалып, салынған және өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2 824,3 мың теңгені құрады.

10:25
126
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.