Жезқазған қаласы аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, бүгінгі жалпыұлттық референдумге 100 пайыз дайын
Жезқазған қаласы аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, бүгінгі жалпыұлттық референдумге 100 пайыз дайын. Қала бойынша ашылған 34 референдум учаскесінің екеуі жабық. Барлық референдум учаскесі қажетті материалдармен және атрибуттармен қамтамасыз етіліп, безендірілген. Жезқазғандағы референдум 272 барысын бақылаушы қадағалайды.
Қалада 58 802 тұрғын дауыс беруге құқылы. Сондай-ақ сайлау құқығы бар, мүмкіндігі шектеулі 104 тұрғын тіркелген. Қажет болса, бұл кісілер үшін бүгін 3 инватакси қызмет ететін болады.
Жезқазған қаласының аумақтық референдум комиссиясы бүгін дауыс берушілерді саяси әрі маңызды шараға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырып отыр. Егер сайлауға қатысты сауалыңыз болса немесе өз учаске нөміріңізді білгіңіз келсе, 8 7102 760216 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.