Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Сенаторлар ҚМА-да АЖ/ТҚҚ қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіруді талқылады

Сенаторлар ҚМА-да АЖ/ТҚҚ қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіруді талқылады

Сенат депутаттарының ҚМА-ға сапары барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға тиімді қарсы тұру үшін заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру мәселесі талқыланды. 

Изображение

Изображение

Парламенттің жоғарғы Палатасының Қаржы және бюджет комитетінің мүшелерімен кездесуде АЖ/ТҚҚ саласындағы заңнаманың халықаралық стандарттарға сәйкестігі қаралды.

Парламент мүшелеріне елдің өзара бағалауы барысында анықталған ескертулерді жоюға бағытталған ұлттық заңнамаға әзірленген түзетулер пакеті ұсынылды. 

Еске сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан ЕАТ халықаралық стандарттарына сай болуына жүргізілген тексеруден сәтті өтті. 

Республикаға «стандартты мониторинг» рәсімі берілді. 

Изображение

Бұл АЖ/ТҚҚ заңнамасы ФАТФ (АЖ/ТҚҚ саласындағы стандарттарды әзірлеу жөніндегі ұйым) нұсқауларына сәйкес және кірістерді жылыстатуға қарсы жүйе тиімді дегенді білдіреді. 

Ұлттық заңнама базасын халықаралық ұйымның талаптарына одан әрі сай ету мақсатында Агенттік заң жобасын әзірледі. Ол ескертулерді жоюға және елдің рейтингтерін арттыруға бағытталған түзетулерден тұрады. 

Агенттік басшылығы мен Парламент Сенатының депутаттары елдің ұлттық заңнамасына әзірленген түзетулерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, қаржылық мониторинг субъектілері мен мемлекеттік органдардың бағалауы бойынша Агенттіктің ақпараттық жүйелерінің модульдері, «Front office» жобасы («бір терезе» қағидаты бойынша ақшаны жылыстатуға қарсы жүйеге қатысушылармен өзара іс-қимылдың бірыңғай орталығы) таныстырылды. 

Изображение

Аталған жүйелер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстату) қарсы жүйеде, атап айтқанда, жеке сектордың заңға бағынуы, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлігінде оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

12:55
217
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.