Департаменттің көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жұмысының нәтижелерімен өңір тұрғындары танысты
2024 жылғы 14 қарашада Департамент басшысының орынбасары М. Қалиақпаровтың қатысуымен ӨКҚ базасында брифинг өтті.
Онлайн-кездесу аясында Ұлытау облысының экономикалық тергеу департаменті есепті кезеңдегі көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі жұмыстың нәтижелерін ұсынды.
Спикер Департамент жұмысының басты мақсаттарының бірі өңірдегі көлеңкелі экономика деңгейін төмендету жөніндегі күш-жігерді жалғастыру болып табылатынын атап өтті. Болашаққа арналған басым міндеттердің қатарында-экономикалық процестердің ашықтығын арттыру, өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ халық арасында қаржылық сауаттылықты жақсарту.
«Алдағы жылдардағы басты мақсат-заңсыз әрекеттермен күресу ғана емес, сонымен қатар көлеңкелі схемаларға қатысу тәуекелдері туралы олардың хабардарлығын арттыру үшін бизнеспен және азаматтармен жұмыс істеу. Біз белсенді ақпараттық-ағарту жұмысын жалғастыруға, сондай — ақ көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпал ететін факторларды төмендетуге бағытталған шараларды дамытуға ниеттіміз», — деп атап өтті М.Қалиақпаров.
Ол сондай-ақ департаменттің экономикалық саладағы қылмыстарды тиімдірек тоқтату үшін басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен үйлестіруді күшейту жоспарлары туралы айтты.