ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды, оның аясында облыс бойынша 1 млн-нан астам жасыл желек, оның 20 мыңы Жезқазғанда отырғызылды. 2025 жылға арналған жоспар 1,6 млн жасыл желекті құрайды.
Сондай-ақ, 3 400 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды, оның ішінде Жезқазғанда 1 680 тонна.
Акция басталғалы бері, 147 мыңнан астам адам тартылды.
2 жыл ішінде Жезқазған және Сәтбаев қалаларында атмосфераға шығарындыларды мониторингілеу үшін 8 датчиктер орнатылды (60 млн тг).
Жезқазған, Сәтбаев қалаларында және Ұлытау ауданында нашар экологиялық жағдайдың және халықтың жоғары сырқаттанушылығының, онкологиялық аурулардың Байқоңыр ғарыш айлағының қызметімен байланысы себептерінің ғылыми зерттеуі аяқталды.
Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстарының нәтижелері Экология және табиғи ресурстар, Денсаулық сақтау және энергетика министрліктерінің қарауында жатыр.
2025 жылы қаламыздың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, Жезқазған мыс балқыту зауытында жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысы басталмақшы.
Соңғы 2 жылда қалада 70-ке жуық аула абаттандырылып, 100-ден астам қоқыс контейнері сатып алынды. Келесі жылы қала әкімдігі контейнерлік алаңдардың аумақтарын сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізетін болады, сондай – ақ 40-тан астам жаңа контейнерлер, оның ішінде жерасты контейнерлері-20 бірлік сатып алынатын болады. Құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Жабдықтау деңгейі 49% — дан 72% — ға дейін өсті. Қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 2 900 бейнекамера (сомасы 3,5 млрд теңге) орнатылды, оның 916-сы Жезқазған қаласында. Бұл техникалық құралдар құқық бұзушылықтарды анықтауға және олармен күресуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін сақтау бойынша бақылау күшейтілуде. Жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін ағымдағы жылдың басынан бастап 495 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды