Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

«ҮЙТАС-АЙДОС» ЖОБАСЫНЫҢ І КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

«ҮЙТАС-АЙДОС» ЖОБАСЫНЫҢ І КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Жезқазған қаласын сапалы жерасты су көзімен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Үйтас-Айдос» жобасының І кезеңі сәтті аяқталды. Нәтижесінде қазіргі таңда Ұлытау облысы орталығының халқына беріліп отырған тіршілік нәрінің 30%-ын жерасты суы құрайды. Бүгін өңір басшысы Дастан Рыспеков осы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын қадағалады. 

Жобаның бірінші кезеңі бойынша Үйтас-Айдос су қабылдау орынындағы көтерме сорғы жаңартылып, диаметрі 800 мм.болатын 51 шақырым құбыр ауыстырылды. Қазіргі уақытта жоба бойынша Жезқазған қаласының шаруашылық, ауыз суын тазарту орталығында іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. 

Айта кетейік, жоба жалпы ІІІ кезеңнен тұрады. ІІ кезеңнің келесі жылы басталуы үшін қаражаты бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылы қолға алынған бастама 2027 жылға дейін жалғасады. 

Ұлытау облысының әкімі өз кезегінде Жезқазған қаласы тұрғындарының 2026 жылдың соңына дейін 70%-ға, 2027 жылдың соңына дейін жүз пайыз жер асты су қорымен қамтылуын тапсырып, жобаны қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді. Сондай-ақ өңір басшысы жобаның кезең-кезеңмен жүзеге асуы – бірте-бірте жерүсті суына тәуелділікті азайтып, нәтижесінде толықтай таза ауыз суға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді. 

«Келесі жылы ІІ кезеңнің уақытылы басталып, сапалы орындалуын және оны 2026 жылдың соңынан қалдырмай аяқтауды тапсырамын. Сондай-ақ, ІІІ кезеңді қаржыландыру жолдарын қазірден қарастырып, жобаның жүзеге асу барысын бақылауда ұстау қажет»-деді өңір басшысы өз сөзінде.

14:40
64
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.