2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Жолдауда Мемлекет басшысы елдің саяси және экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындап, орта мерзімді кезеңге арналған міндеттерді белгіледі. Президент азаматтардың құқықтарын қорғау, экономиканы әртараптандыру, инфляцияны төмендету және халықаралық резервтерді арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, Жолдауда әлеуметтік саланы дамыту, оның ішінде балаларды қорғау, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіру мәселелері қарастырылды. Президент халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты шараларды ұсынды.
Жолдаудың толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында танысуға болады.
Дарын Төлеубай.