Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Процестік мерзімдер.

Қазақстан Республикасның Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес соттың және сотқа дейінгі тергеп тексеру органдарының қылмыстық іс бойынша жасалатын әрекеттеріне процестік мерзімдер белгіленген.

Процестік мерзiмдер — сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi.

     Мерзiмдердi есептеу кезiнде мерзiмнiң өтуi басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Яғни келесі күннен бастап есептелінеді. Бұл қағиданың ұстап алу, күзетпен ұстау, үйқамақ және медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ. Мысалы келтіретіп кетеміз: күдіктіні ұстау хаттамасында нақты көрсетілген сағат пен тәуліктен бастап есептелінеді. Қылмыстық іс жүргізуде процестік мерзімдерді есептеу бір ерекшелігі демалыс күндері де есептелінеді. Егер заңда тәуліктермен есептелініетін мерзім болған кезде соңғы тәуліктердің жиырма төрт сағатымен мерзімі аяқталады. Ал айлармен есептелінетін мерзім болса сол айдың соңғы күнінде мерзім аяқталады. Жылдармен есептелінетін мерзім тиісінше оның соңғы жылының тиісті айы мен күні болып табылады. Соңғы айда тиісті күн жоқ болған жағдайда сол айдың соңғы күнінде бітеді. Мысалы: Заңда бір айлық мерзім көрсетілсе және мерзімді есептеу 30-қаңтар айынан басталса, бұл мерзім ақпан айының 28 күнінде бітеді. Яғни ақпан айының соңғы күніне түсіп отырғандығын көруімізге болады.

Ұстап алу, күзетпен ұстау, үйқамақ, медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымдарында болу кезіндегі мерзімдерді еспетеу жағдайларын қоспағанда, мерзімнің соңғы күні демалыс күндеріне немесе мейрам күндеріне тура келсе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептелінеді.

          Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдiк бойынша ұстап алған кезде мерзiм осы шара нақты қолданылған кезден (минутына дейін дәлдікпен сағаттан) бастап есептеледi. Күзетпен ұстау, үйқамақ, сондай-ақ медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу мерзімдерін есептеу кезінде мерзімнің бірінші тәулігі мерзімге қосылады.

Жезқазған қаласының мамандандырылған

тергеу сотының сот әкімшісінің басшысы

Ж.Ж.Жарылқасын.

16:10
184
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.