Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм

Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм

2024 жылғы 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек адамының рөліне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы 2024 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, өндіріс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы мамандардың маңыздылығын атап өтті.
Президенттің айтуынша, мемлекет қаржылай қолдау көрсеткен кезде, ең алдымен, бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне мән беріледі. Еңбекақы төлеу қорын көбейтіп, салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, «Еңбек адамы – 2024» жобасы жүзеге асырылып, әр саланың үздік мамандарын анықтау және оларды насихаттау мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бұл бастамалар қоғамда еңбек адамына деген құрметті арттыруға, жастарға адал еңбектің үлгісін көрсетуге және еліміздің тұрақты дамуына үлес қосатын мамандарды қолдауға бағытталған.
Президенттің айтуынша, елімізде ең сыйлы адам – еңбекқор, кәсіби маман болуы тиіс. Мұндай азаматтар мемлекеттің өркендеуіне тікелей әсер етеді. Ұлттық құрылтай мен «Жастар рухының» съезінде бұл тақырып кеңінен қозғалып, жастардың нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік меңгеруі қажеттігі айтылды. Өйткені өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады.
Бәсекеге қабілетті болу – заман талабы. Президент атап өткендей, өскелең ұрпақ тек Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де бәсекеге қабілетті болуы керек. Көрші мемлекеттердің азаматтары шетелде кез келген жұмысты таңдамай, еңбек етуде. Олар біздің елімізде де жоғары табыс табуда. Осы тұрғыдан алғанда, дәл осындай адамдардан үлгі алу қажет. Себебі ең бастысы – адал еңбек.
Қоғамның басты міндеттерінің бірі – адал еңбекті бағалайтын және түсінетін ұрпақ тәрбиелеу. Бұл бағытта идеологиялық жұмыстардың маңызы зор. Еңбек адамының қадірін арттыру, оны насихаттау және қоғамда еңбекке деген құрметті күшейту – елдің тұрақты дамуының кепілі.
Мемлекетіміздің гүлденуі еңбекқор әрі кәсіби мамандардың арқасында мүмкін болмақ. Әрбір азамат өз кәсібін сапалы орындап, қоғамға пайдасын тигізуге ұмтылғанда ғана әділетті мемлекет, біртұтас ұлт және берекелі қоғам қалыптасады.
Ерлан Конысбек.

15:00
212
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.