Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге талантты әрі еңбекқор азаматтарымен танымал

Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге талантты әрі еңбекқор азаматтарымен танымал. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еліміздегі креативті индустрияның дамуына ерекше назар аударылатынын атап өтті. Бұл бағытта әдебиет, музыка, кино, сериал және компьютерлік ойындарға қатысты жобаларды қолдау мақсатында арнайы қор құрылып жатыр. Бұл жас таланттарға өз қабілеттерін көрсету үшін үлкен мүмкіндік береді.
Жастар үшін бұл – шығармашылық әлеуетін жүзеге асырумен қатар, адал еңбек ету мен адал табыс табудың да маңызды екенін ұғындыратын бастама. Қоғамдағы еңбектің қадірін арттыру – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл еңбек адамының қоғамдағы беделін көтеру мен жастарды жұмысшы мамандықтарына ынталандыруға бағытталған маңызды қадам.
Жұмысшы мамандықтары – қоғамның негізгі тірегі. Кез келген адал еңбек құрметке лайық. Жастар арасында еңбек мәдениетін насихаттау – елдің дамуына тікелей әсер ететін құндылық. Әсіресе, өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрылыс пен қызмет көрсету салаларында еңбек ететін азаматтарға ерекше құрмет көрсетілуі тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанды көркейту – баршамыздың қасиетті парызымыз екенін баса айтты. Елдің дамуы – жастардың жасампаздығы мен бірлігінің арқасында жүзеге асады. Әділетті Қазақстан құру – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Берекелі бірлік пен қажырлы еңбек арқылы біз жарқын болашаққа қадам басамыз.
Осылайша, елімізде шығармашылық пен еңбектің ұштасуы арқылы жаңа мүмкіндіктер ашылып, жастардың дамуына жол беріледі. Қазақстан еңбекқорлық пен жасампаздықтың үлгісін көрсететін мемлекет ретінде одан әрі дами береді.
Сонымен қатар, елімізде технологиялық даму мен инновацияларға да ерекше назар аударылуда. Сандық экономика мен жасанды интеллект салаларында жаңа мүмкіндіктер ашылып, жастарға заманауи білім беру бағдарламалары әзірленуде. Мемлекет тек дәстүрлі еңбек салаларын ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялық мамандықтарды да қолдауға бағытталған шараларды іске асыруда.
Білім мен біліктілікті арттыру арқылы еліміз халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін нығайта алады. Осыған орай, Қазақстанда инновациялық экожүйені дамытуға және ғылым мен білім саласын нығайтуға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл біздің болашағымызды жарқын етіп, еліміздің әлемдегі беделін арттыруға септігін тигізеді.
Ерлан Конысбек.