Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысындағы қалалар мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 22 маусымға тағайындау туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ұлытау облысындағы 2 қаланың және 2 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 8 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2025 жылғы 22 маусымға тағайындады:

1. Жезқазған қаласында әкім сайлауы:

1) Талап селосында

2. Қаражал қаласында әкім сайлауы:

1) Жәйрем кентінде

3. Жаңаарқа ауданында әкімдер сайлауы:

          1) Айнабұлақ ауылдық округінде

2) Байдалы би ауылдық округінде

3) Ералиев ауылдық округінде

4) Түгіскен ауылдық округінде

4. Ұлытау ауданында әкімдер сайлауы:

1) Жанкелді ауылдық округінде

2) Сарысу ауылдық округінде

 Бүгін 2025 жылғы 14 мамырда 2 қаланың және 2 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 8 ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

 Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

 Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 15 сәуірден басталады.

 Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

19:00
50
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.