Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Жезқазған қаласында “Жас құтқарушы 2025” спорттық сайысы өтті

Жезқазған қаласында “Жас құтқарушы 2025” спорттық сайысы өтті

2025 жылдың 14 мамыр күні, «Отбасы күніне» арналған Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі және Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастыруымен Отбасы күніне қалалық “Жас құтқарушы 2025” мектепаралық спорттық сайысы өтті. 

Изображение

Сайыстың негізгі мақсаты — жас ұрпақтың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, оларды кәсіби бағыт — бағдар беруге бейімдеу және отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін нығайтуға, отбасы құндылықтарын түсінуге бағытталған спорттық іс шара болып табылады. 

Сайыс барысында оқушылар түрлі құтқару жаттығуларын орындап, өздерінің физикалық және зияткерлік қабілеттерін көрсетті. 

Жарысқа қала мектептерінен 11 команда қатысып, жалпы жарыс нәтижесі бойвнша:

Изображение

🥇 орынды №8 мектеп гимназиясы.

🥈 орынды Қ. Шыңғысов атындағы №5 мектеп.

🥉орынды №4 жалпы білім беру мектебі иеленді. 

Жеңімпаз командалар жергілікті атқарушы органдар тарапынан кубок, медаль, мадақтама және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Изображение

12:45
67
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.