Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы VI- республикалық турнир

2025 жылдың 17-18 мамыр күндері, Жезқазған қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен, Ұлытау спорт сарайында, «Жезқазғантүстіметалл» АҚ, Қарсақпай мыс қорыту зауытының директоры, Ұлытау және Жезді аудандарының құрметті азаматы, КСРО-ға еңбегі сіңген металлургі, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Қадер Маткеновты еске алуға арналған 🤼♂️ грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы VI- республикалық турнир өтті.
⚜️Турнирге республикамыздың 10 облысынан 250 ге жуық палуан қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен, арнайы естелік медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз!