Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

 «Диалог және қолдау: Ұлытау облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған бірізді іс-шаралар өтті» 

 «Диалог және қолдау: Ұлытау облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған бірізді іс-шаралар өтті» 

Ұлытау облысында «Атамекен» алаңында «Заң мен тәртіп» мемлекеттік нарративін ілгерілету аясында өзара байланысты және бірізді түрде ұйымдастырылған екі іс-шара өтті. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты — кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық қорғалуын нығайту, құқықбұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету, сондай-ақ бизнесті жүргізу барысында туындайтын әкімшілік кедергілерді жою.

Изображение

Бірінші іс-шара ретінде Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының жеке қабылдауы өткізілді. Қабылдаудың мақсаты — шағын және орта бизнес өкілдеріне нақты қолдау көрсету. Қабылдау барысында кәсіпкерлер өздерінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру кезінде кездесетін проблемалық мәселелерін тікелей жеткізуге мүмкіндік алды. Ашық диалог форматы экономикалық тергеп-тексеру органдарының ашықтық, қолжетімділік және бизнес өкілдерімен тиімді өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына адалдығын көрсетті.

Қабылдау барысында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, кәсіпкерлерге келесі негізгі мәселелер бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау;

ет өнімдеріне бағаны реттеу;

мектеп асханаларын ұйымдастыру;

кәсіпкерлік саласындағы құқық қолдану тәжірибесі.

Ведомствоаралық келісімді қажет ететін бірқатар мәселелер кейінгі қарау үшін жұмысқа қабылданды және олар профильді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өтетін келесі диалог алаңдарында қаралатын болады.

Екінші іс-шара — алғашқы қабылдаудың заңды жалғасы және кеңейтілген форматы ретінде өткен кеңейтілген кеңес болды. Оған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, соның ішінде Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Адвокаттар алқасының төрағасы, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі және Ұлытау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

Кеңес барысында көлеңкелі экономиканының үлесін төмендету  бойынша бірлескен шараларды үйлестіру, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған кешенді шешімдер әзірлеу мәселелері талқыланды.

Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті кәсіпкерлерге кеңес беру және құқықтық қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда, бұл өз кезегінде заңнаманың сақталуына, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және өңірде ашық әрі қауіпсіз кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

11:05
17
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.