Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

100 ДОМБЫРА — СӘТБАЕВТЫҢ РУХЫН ОЯТТЫ

100 ДОМБЫРА — СӘТБАЕВТЫҢ РУХЫН ОЯТТЫ

Ұлттық домбыра күніне орай Сәтбаев қаласының Жастар алаңында 100 күйші бір мезетте «Балбырауын» күйін орындап, қаланы күйдің қоңыр үніне бөледі.

Изображение

Бұл — халқымыздың бірлігін, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, ата-баба аманатына адалдығымызды паш еткен әсерлі сәт болды. Домбыраның үні өткенімізбен жалғап, ұрпаққа жол көрсететін қастерлі мұра екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Изображение

Жүздеген домбырашыны біріктірген бұл бастама ұлттық өнердің мәңгі жасайтынын көрсетті. Шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары күйдің рухын сезініп, ерекше әсерге бөленді.

17:45
55
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.