Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау және ұсынудың өзекті мәселелері

2025 жылғы 4 шілдеде Жезқазған қаласында Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау және ұсынудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты есептілікті дайындаудың проблемалық аспектілерін талқылау, қаржылық деректерді шоғырландырудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету, сондай-ақ қолданыстағы заңнама мен әкімшілік жауапкершілік нормаларын түсіндіру болды.

Дөңгелек үстел жұмысына бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен қаржы есептілігін жасауға және ұсынуға жауапты ведомстволық бағынысты ұйымдардың бас бухгалтерлері, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның мамандары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н.А. Сарсекеева мемлекеттік аудит анықтаған есептік деректердегі қателер түрлері мен бұрмалаушылықтарды, бюджет және қаржы заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін атап өтті.

Талқылаудың негізгі мәселелері: есептілікті жасау және шоғырландыру тәртібі, қаржылық есептіліктің шынайылығы мен ашықтығын арттыру жөніндегі практикалық шаралар болды.

Қаржылық есептілікті бұрмалағаны үшін 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті көздейтін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 238-бабының ережелеріне ерекше назар аударылды. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қаржылық ақпаратты жинау және тексеру процестерін автоматтандыру, сондай-ақ ішкі және сыртқы мемлекеттік аудит органдарымен тұрақты өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелерде қаржылық есептілікті шоғырландырудың әдістемелік тәсілдерін жетілдіру және ішкі бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар қалыптастырылды.

12:50
33
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.