«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті
2025 жылғы 22 шілдесінде Ұлытау облысының барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында түрлі бағыттағы экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл шаралардың басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық санасын арттыру және табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау.