Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

2025 жылғы 30 тамызда Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара аясында мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандардың ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.
Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталды. Одан кейін құттықтау сөз сөйлеген Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ақжол Ахатұлы Құрмансейіт мерекенің маңыздылығына тоқталып, жас мамандарға табыс тіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімінде төмендегі жас мамандар ел алдында серт берді:
• Ұлытау облысының дін істері басқармасы ММ діни ахуалды талдау және мониторинг, діни бірлестіктермен өзара ықпалдастық бөлімінің бас маманы Мейіржан Айдосұлы Мейрамқали;
• Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы жастар саясатын дамыту, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы Серік Нұрланұлы Шымат;
• Ұлытау облысының білім басқармасы ММ мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру және тәрбие бөлімінің бас маманы Мөлдір Болатқызы Айткенова.
Ант қабылдаған жас мемлекеттік қызметшілер ел мен халыққа адал қызмет етуге, кәсіби парызын абыроймен орындауға уәде берді.
Сондай-ақ жиында Ұлытау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жаңагүл Шайманқызы Еділбаева сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтап, ел дамуына қосар үлестеріне сенім білдірді.
Салтанатты жиын соңында қатысушылар барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, ел бірлігі мен Тәуелсіздіктің баянды болуына тілектестігін жеткізді.