Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті

2025 жылғы 13 тамызда Ұлытау облысы әкімінің аппараты персоналды басқарудың және адами ресурстарын дамытудың бірыңғай қызметінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметке азаматтарды тарту мақсатында бос лауазымдар жәрмеңкесі өткізілді.

Изображение

Шараның негізгі мақсаты – өңірдегі мемлекеттік органдарға кадрлық әлеуетті арттыру, жас мамандарға қолдау көрсету және мемлекеттік қызметтің беделін көтеру. Әсіресе жоғары оқу орындарының түлектерін конкурссыз негізде жергілікті атқарушы органдардағы төменгі және басшы емес бос лауазымдарға тарту мүмкіндігі ұсынылды.

Жәрмеңкеге облыстың әртүрлі мекемелері мен басқармалары қатысты. Азаматтарға мемлекеттік қызметке орналасу шарттары мен талаптары түсіндіріліп, кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері таныстырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметке деген жастардың қызығушылығын арттырып, білікті кадрлар резервін қалыптастыруға ықпал етеді.

12:00
33
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.