Кәсіподақ – «Таза Қазақстан» акциясымен бірге!

Бүгінгі сенбілікте Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының мүшелері мен белсенділері бүкілхалықтық «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Кәсіподақ орталығының аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды. Бұл шара тек қана ортаны абаттандыру емес, сонымен қатар табиғатқа деген жанашырлық пен қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі болды.
Қоршаған ортаны қорғау – болашақ ұрпаққа таза әрі қолайлы өмір сүру кеңістігін қалдыру деген сөз. Әрбір азамат табиғатты аялауға, туған жердің сұлулығын сақтауға үлес қосса, еліміз көркейе түспек.
«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған игі бастама. Бұл шараға кәсіподақ мүшелерінің белсенді қатысуы – ортақ мақсатқа жету жолындағы бірліктің жарқын дәлелі.
Таза орта – жарқын болашақ кепілі!