Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮГІСКЕН АУЫЛЫНДА ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮГІСКЕН АУЫЛЫНДА ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында заманауи ветеринариялық пункттің ашылуы өтті.

Изображение

Жаңа нысан ауыл тұрғындары мен мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға сапалы ветеринариялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында салынды. Пункт аумағында жануарларды егу және емдеу жұмыстарына арналған арнайы загон мен раскол орнатылған.

Бүгінде Ұлытау облысы бойынша барлығы 35 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Олардың барлығы аудандық әкімдіктер мен ветеринариялық станциялардың ғимараттарында орналасқан. Ал Түгіскен ауылындағы жаңа пункт – жеке ғимарат ретінде ауыл сыртында орналасқан алғашқы нысандардың бірі.
Бұл жоба — Ұлытау облысында ветеринария саласын дамыту, жануарлардың денсаулығын қорғау және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру бағытындағы маңызды қадам болып табылады.
Айта кету керек, Келесі жылы 18 ветеринариялық пункт және 1 ветеринариялық станция салу жоспарлануда.

17:15
165
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.