Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Тоқаев бір палаталы Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр деген сыбысқа жауап берді

Тоқаев бір палаталы Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр деген сыбысқа жауап берді

«Turkistan» газетіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр деген сыбысқа жауабын айтты.

– Бұл – бос әңгіме. Мұндай пікір менің саяси қағидаттарыма қайшы келеді. Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміз үшін аса маңызды реформаның бәрі жалпыхалықтық референдумға шығарылатынын айтты.

— Бұл жерде ешқандай астыртын ойлар жоқ. Менің ұстанымым баршаға белгілі, саяси реформалар жалғаса береді. Ұзақ мерзімге арналған жоспардың бір бөлігі әдеттегідей жақын арада жарияланады, — деді Президент.

 kaz.inform.kz/news/tokaev-br-palata-parlament-toragasi-lauazimin-ozne-dayindap-zhatir-degen-sibiska-zhauap-berd-40b5bb/

16:45
48
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.