Ұлытау облысында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мәселесіне арналған семинар өтті

Ұлытау облысында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, есірткіге қарсы іс-қимыл, қызметтік көлікті пайдалану тәртібі, әдеп нормаларын сақтау және заң талаптарын орындау мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың басшылары, полиция депаратменті өкілдері және Ұлытау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі қатысты.

Кездесу барысында құмар ойындарға тәуелділіктің таралуы, оның әлеуметтік және экономикалық салдары, сондай-ақ тұрғындар арасында қауіптің алдын алу және азайту жолдары талқыланды.
Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті штабының бастығы А. Құрбанов баяндама жасап, құмар ойындардың қоғамға тигізетін кері әсеріне жан-жақты тоқталды. Ол ойынға тәуелділіктің қаржылық қиындықтарға, қарыздардың көбеюіне, отбасылық жанжалдарға және құқық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, ерте кезеңдегі профилактиканың маңыздылығы мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысушылар профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, оның ішінде жастар мен әлеуметтік осал топтар арасында жұмыстарды жандандыру бойынша пікір алмасты.
Іс-шара соңында жүйелі профилактикалық жұмыс, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру құмар ойындарға тәуелділікпен күрестегі негізгі факторлар екені атап өтілді.