Бүгін маңызды күні Ұлытау облысы Жезқазған қаласының үлгілі отбасыларының бірі – Садыковтар отбасы дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.

Отбасы мүшелері ертеңгі күнге бейжай қарамай, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Садыковтар отбасы референдумға ұрпақ тәрбиесі мен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, отбасымен бірге келіп дауыс берді.
Бұл бастама «Отбасымызбен дауыс береміз» акциясы аясында өтті. Мұндай үлгі боларлық қадам қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.