Ұлытаулық әжелер референдумда дауыс берді
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен «Аламан құрақ» жобасына қатысып, Қазақстан рекордтар кітабына енген Ұлытаулық әжелер республикалық референдумда өз таңдауларын жасады.
Олар Жезқазған қаласындағы С. Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қазақ музыкалық-драма театрында орналасқан №18 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.
Әжелер дауыс беру рәсімінен кейін жиналған қауымға ақжарма тілектерін айтып, елдің амандығы мен бірлігін тілеп, баталарын берді.