Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Бүгін Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, 15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай, "Әлеуметтік-психологиялық қолдау" орталығында балалар арасында «Менің отбасым» атты сурет салу байқауы өтті. 

Байқауға бүгінгі таңда орталықта қызмет алып жүрген отбасылардың балалары қатысты. Суреттерде қатысушылар өздерінің бақытты балалық шағын, күлімдеген отбасын бейнелеген. Кішкентай бүлдіршіндер суретті аналарының қолдауымен салған екен. 

Байқаудың мақсаты — балаларға отбасылық құндылықтарды насихаттап, әр отбасы мүшесінің олардың өмірінде айрықша орны бар екенін көрсету. 

Байқау қорытындысы бойынша — барлық қатысқан жандар ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар, дипломдармен марапатталды.

11:55
66
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.