Ұлытау облысында қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту

Ұлытау облысында қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған келісім аясында өңірдегі маңызды демалыс орындарының бірі — Жастар паркін жаңарту жобасы іске асырылмақ. Жоба ағымдағы жөндеу жұмыстарымен шектелмей, заманауи талаптарға сәйкес паркті кешенді түрде қайта жаңғыртуды көздейді.

Жаңартылған парк аумағында тұрғындар үшін қолайлы демалыс аймақтарын құру, серуендеуге арналған инфрақұрылымды дамыту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу және жаңа қоғамдық нысандарды орналастыру жоспарлануда.
Жобаны іске асыру нәтижесінде тұрғындардың, әсіресе жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және өңірдегі өмір сүру сапасын арттыруға оң ықпал етеді.