Заң мен тәртіп

Ұлытау облысы Жезқазған қаласында алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жаңа форматта жүзеге асырылуда.

Аталған бастама аясында «Яндекс Такси» қызметінің жүргізушілері жолаушыларға арнайы ақпараттық жадынамалар таратып, қауіпсіздік шараларын түсіндіруде. Бұл шара азаматтарды алаяқтық әрекеттерден қорғауға және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Іс-шара құқық қорғау органдары мен серіктес ұйымдардың өзара ынтымақтастығы негізінде өткізілуде.

Құрметті азаматтар!
Сақ болыңыздар! Жеке деректеріңізді бейтаныс тұлғаларға бермеңіздер және күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіздер.