23 тамыз – Құрылтай депутаттарының сайлау күні

2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – азаматтардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан.
Құрылтай – қоғамның өзекті мәселелерін талқылап, маңызды бастамаларды қолдайтын, ел дамуына қатысты ұсыныстар қалыптастыратын маңызды қоғамдық алаң. Сондықтан Құрылтай депутаттарын сайлау – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымының көрінісі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға, сондай-ақ сайлау арқылы өз еркін білдіруге құқығы бар. Сайлауға қатысу – елдің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың саналы таңдауы.
Әрбір дауыс – қоғамның тұрақты дамуына, әділдік пен ашықтық қағидаттарының нығаюына, қоғамдық келісім мен бірліктің сақталуына қосылған үлес.
Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары!
Сіздерді 2026 жылғы 23 тамызда сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз.
Белсенді азаматтық ұстаным – қуатты қоғамның негізі. Бүгінгі таңдауыңыз – ертеңгі ел болашағына қосқан үлесіңіз.
23 тамыз – өз таңдауыңызды жасаңыз!
Әр дауыс маңызды!