Ұлытау облысында балалар ойын алаңдарын салу жұмыстары жалғасуда


Ұлытау облысында балаларға арналған ойын инфрақұрылымын дамыту және жаңарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Биыл өңірдің қалалары мен аудандарында заманауи балалар ойын алаңдарын салу және абаттандыру бойынша бірқатар жоба жүзеге асырылуда.

2026 жылы облыста барлығы 34 балалар ойын алаңын салу жоспарланған. Оның ішінде 10 ойын алаңы Жезқазған қаласында, 10-ы Сәтбаев қаласында, 9-ы Жаңаарқа ауданында және 5-еуі Ұлытау ауданында бой көтереді.
Жаңа нысандарды салу кезінде балалар үшін қауіпсіз, жайлы әрі қолжетімді орта қалыптастыруға басымдық берілуде. Ойын алаңдарында заманауи ойын кешендері, әткеншектер, сырғанақтар, спорттық элементтер, орындықтар және абаттандыруға қажетті басқа да элементтер орнатылады.

Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» тетігі аясында Жезқазған қаласында балалар ойын алаңын құру жобасы жүзеге асырылды. Бұл тетік тұрғындарға абаттандырудың басым бағыттарын айқындап, өздері үшін маңызды жобаларды іске асыруға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
Бүгінде жоспарланған нысандардың бір бөлігі пайдалануға берілді. Қалған ойын алаңдарында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.
Балаларға қолайлы орта қалыптастыру — Ұлытау облысын абаттандырудың маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте заманауи ойын алаңдарын көбейту балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасап, отбасылар үшін жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға мүмкіндік береді.
__
В области Ұлытау продолжается строительство детских игровых площадок
В области Ұлытау продолжается системная работа по развитию и обновлению детской игровой инфраструктуры. В 2026 году в городах и районах региона реализуется ряд проектов по строительству и благоустройству современных игровых площадок.
Всего в текущем году в регионе планируется построить 34 детские игровые площадки. Из них 10 — в Жезказгане, 10 — в Сатпаеве, 9 — в Жанааркинском районе и 5 — в Улытауском районе.
При создании новых объектов особое внимание уделяется формированию для детей современной, безопасной и доступной среды. На площадках предусматривается установка игровых комплексов, качелей, горок, спортивных элементов, скамеек и других элементов благоустройства.
Кроме того, в рамках механизма «Бюджет народного участия» в Жезказгане реализован проект по созданию детской игровой площадки. Механизм позволяет жителям принимать непосредственное участие в определении приоритетных направлений благоустройства и реализации востребованных проектов, в том числе по созданию современных детских площадок.
На сегодняшний день часть объектов уже введена в эксплуатацию. На остальных площадках продолжаются строительные и монтажные работы.
Развитие детской инфраструктуры остаётся одним из приоритетных направлений благоустройства области Ұлытау. Реализуемые проекты направлены на создание комфортной, современной и безопасной среды для детей и семей.