Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

ЖОЛ САПАСЫН БАҚЫЛАУ: ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕ

ЖОЛ САПАСЫН БАҚЫЛАУ: ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕ

Жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау мен зертханалық сынақтардың ашықтығын арттыру мақсатында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығында» KazRoadLab ақпараттық жүйесі қолданылады.

Цифрлық жүйе жол инженерлері мен зертханалардың жұмысын бір ортаға біріктіріп, сынама алынған сәттен бастап зерттеу нәтижелері дайын болғанға дейінгі барлық мәліметті тіркеуге мүмкіндік береді.

Әрбір сынамаға берілетін бірегей QR-код арқылы оның зерттеу тарихын бақылауға болады. Сонымен қатар, зертхана мамандары сынаманың қай жолдан алынғанын, мердігер мен тапсырыс берушінің кім екенін көрмейді. Бұл зерттеу нәтижелеріне сыртқы ықпал ету қаупін азайтады.

Жүйе сынақ жабдықтарынан деректерді тікелей қабылдап, қажетті есептеулерді автоматты түрде жүргізеді. Өлшеу көрсеткіштері камера арқылы тіркеліп, фотосуреттермен бірге сақталады. Осылайша, деректерді қолмен енгізу кезіндегі қателер азайып, сынақ нәтижелерін қайта тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Тапсырыс берушілер мен мердігерлер де өз нысандарына қатысты сынақ нәтижелерімен танысып, ескертулерді көріп, қажетті құжаттарды жүйеге тіркей алады.

KazRoadLab жүйесі 2019 жылдан бері қолданылып келеді. 2024 жылы оның жұмысын жеделдетіп, мүмкіндіктерін кеңейту үшін жаңа технологиялық платформаға көшірілді.

Цифрлық жүйе жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылауды жетілдіруге, деректердің сақталуын қамтамасыз етуге және зертханалық сынақтардың ашықтығын арттыруға ықпал етеді.

16:40
20
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.