Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтуде

Ұлытау облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтуде

Ұлытау облысында Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары ұйымдастырылуда. Акциялар 17 қазанда басталып, 27 қазанға дейін жалғасады. Бастама Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Изображение

Акциялардың негізгі мақсаты – тұрғындарға қажетті тауарларды қолжетімді бағамен ұсыну, халықтың тұтынушылық сұранысын қолдау және ішкі сауданы дамыту.

     «Republic Day» акциясына Жезқазған қаласындағы «Шаруа», «Технодом», Сәтбаев қаласындағы «Арзан», «Астана» сауда үйлері және Жаңаарқа ауданындағы «YRYS–QUT» сауда орталығы қатысуда. 

Изображение

     Ал «Bereke Fest» акциясы аясында «Samadi Mart», «Акцент», «Самади», «Самаз», «Юникс» және басқа да сауда нысандарында жеңілдіктер ұсынылуда. Жалпы облыс бойынша 19 сауда және қызмет көрсету нысаны қамтылған.

     Акциялар барысында азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар жеңілдетілген бағамен сатылуда. Әсіресе, 21–27 қазан аралығында мерекелік жеңілдіктердің негізгі кезеңі өтеді. Бұл күндері тұрғындар арнайы бағалық ұсыныстар мен қосымша жеңілдіктерді пайдалана алады.

      Сонымен қатар, акциялар отандық тауар өндірушілерді қолдауға, олардың өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге және жергілікті кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді.

12:50
25
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.