Кандидаттар ұстаздар қауымымен кездесті


«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Әлдібек Тәуекелов пен Диас Алтынбеков Жезқазған қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің ұстаздар қауымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, білім беру саласын дамытуға бағытталған басым міндеттер мен мақсаттарға тоқталды. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, педагогтердің кәсіби әлеуетін қолдау және жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар кандидаттар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жоспарларымен бөлісті.
Изготовлено: Пресс-служба филиала партии «Әділет» по области Ұлытау.
Заказчик: Құрмансейіт А.А.
Оплачено из средств избирательного фонда ОО «Партия «Әділет», выдвинувшего партийный список на выборах депутатов маслихата области Ұлытау.