Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

E-Joldar: ҚАЗАҚСТАНДА ЖОЛДАР ТУРАЛЫ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА ӘЗІРЛЕНУДЕ

E-Joldar: ҚАЗАҚСТАНДА ЖОЛДАР ТУРАЛЫ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА ӘЗІРЛЕНУДЕ

Қазақстанда автомобиль жолдарының жай-күйі, құрылысы, жөндеу жұмыстары және сапасын бақылау туралы ақпаратты біріктіретін E-Joldar цифрлық платформасы әзірленуде.

Жоба аясында 12 ақпараттық жүйені біріктіру жоспарланған. Қазіргі уақытта платформаға 41 мың шақырымнан астам автомобиль жолы туралы деректер енгізілген.

Платформаның негізгі мүмкіндіктері:

* Әр жол учаскесінің цифрлық тарихын қалыптастыру;

* Жөндеу жұмыстары, мердігерлер және қолданылған материалдар туралы ақпарат ұсыну;

* Жол сапасы мен зертханалық сынақ нәтижелерін бақылау;

* Азаматтардың өтініштерін нақты жол учаскелерімен байланыстыру;

* Жөндеуді қажет ететін жолдарды анықтап, жұмыстарды тиімді жоспарлау;

* Жол бойындағы жанармай құю бекеттері, демалыс орындары мен сервистер туралы мәлімет беру.

E-Joldar жол жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз етуге, сапаны бақылауды күшейтуге және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Платформаны 2027 жылдың жазында іске қосу жоспарланған

17:00
25
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.