Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Президент реформалары – тұрақтылық пен тәуелсіздігіміздің кепілі

Президент реформалары – тұрақтылық пен тәуелсіздігіміздің кепілі

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 5 маусымға Республикалық референдум өткені барша қазақстандықтарға белгілі. Конституциялық реформа — Әділетті Қазақстанның жарқын болашағына жасалып отырған бетбұрыс, қоғамда демократия қағидаттарын орнықтыруға жасалған қарымды қадам деп айтуымызға толық негіз бар. Ата Заңымыздың алғашқы сұлбасы 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Содан бергі 27 жыл ішінде оған Парламенттің заң шығарушылық құқығымен бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазір әлем күн санап өзгеріп жатыр. Халықтың талап-тілектері мен сұранысының да сипаты өзгеруде. ЖаҺандану процестері қоғамдық қатынастардың жаңа форматын қалыптастырып отыр. Сол себептен де, Президент еліміздің саяси жаңғыруын, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы балансын, сонымен қатар мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын қалыптастыруды көздейтін саяси реформалар бағдарламасын ұсынып отыр. Осы орайда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған бейнеүндеуінде: «Біз бәріміз бір ел болып әділ Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз… Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты
жүзеге асыру үшін қажет.»,-деді.
Қазіргі Ата Заңымызда 98 бап бар болса, оның 33-іне өзгеріс енгізілді. Бұл Конституцияның 3/1 бөлігі өзгерді деген сөз. Бұл ретте, конституциялық реформа тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Конституциялық реформаның негізгі бағыты ретінде биліктің барлық тармақтары арасындағы өкілеттіктер мен құзыреттердің барынша оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастыруды айтуымызға болады. Президент былтырғы жылы наурыз айында жасаған Жолдауында суперпрезиденттік басқару формасынан қуатты Парламенті, есеп беретін Үкіметі бар президенттік басқару моделіне көшу қажеттігіне баса назар аударған болатын. Сол себептен де, Конституциялық реформаның негізгі бағыттарының бірі –Президенттің бірқатар өкілеттіктерін қысқарту болып табылады. Мәселен, Конституцияға ҚР Президентінің өз өкілеттігі кезеңінде саяси партияға мүше болмауы туралы норма енгізілетін болады. Көптеген шет мемлекеттерде Президенттің кандидатурасын белгілі бір партия ұсынуы мүмкін, ал осы кандидатура Президент болғаннан соң өз өкілеттігі кезеңінде саяси партияға мүше бола алмайды. Бұл оның өзін ұсынған партияға басымдықтар бермеуін, саяси бетараптығын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шара болып табылады. Көпшілік қауым саяси ұстынымызды оңтайландыру жолымен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жағдай жасалатындығына мол сенім артуда. Бүгінде халықтың сол сенімі ақталып, еліміздегі орын алып жатқан бірқатар өзгерістер халықтың көңілінен шығуда. Конституциялық реформаларды жүзеге асыру жолында жұдырықтай жұмылып еңбек ету –
әрбіріміздің перзенттік борышымыз!

Сәулеғаным Орынғожина,
Жаңаарқа ауданы Аналар кеңесінің төрайымы

09:05
185
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.