Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Әділетті Қазақстан жолында

Әділетті Қазақстан жолында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат – қағаз жүзінде биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс».

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Президент Жолдауында әділетті Қазақстан құру жолында жасалып жатқан үлкен өзгерістерді айтумен қатар, биылғы жылы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін енгізілетін өзгерістердің тізбегін жария етті.
Атап айтар болсақ, халыққа зейнетақы мөлшерінің белгілі бір мөлшерін пайдалану мүмкіндігі әрі қарай жалғаспақ.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады – бұл болашақ жас ұрпақ үшін ең тиімді жоба екені дәлелденіп отыр.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынып, 2024 жылдан бастап балалардың шотына қаражат түседі.
Туризмді дамыту бойынша 15 ірі жоба қолға алынбақ.
Ауылдық жерлерде 300-ден аса денсаулық сақтау нысандары салынуда.
Сондай-ақ, елдің болашағы үшін үкімет қатарлы жаңа министрлікпен толықпақ. Олар: су ресурстары және ирригация министрлігі, көлік ми­нистрлігі, туризм және спорт минис­трлігі, мәдениет жә­не ақпарат министрлігі, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Бүгінде үкімет құ­рамына толықтай өзгерістер енгізіліп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидат күшіне енгенін сеніммен айта аламыз.
Халықты жұмыспен қамту, тұр­ғындардың әлеуетін жақсарту, ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған жұмыстар біздің кентімізде де қарқынды жүзеге асуда. Қазіргі таңда кентімізде 2 және 7 орамдарды, Абай көшесін абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің жертөлелерін және көпқабатты үйлердің шатырларын жөндеу, автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қарқынды жүріп жатыр. Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай, кентімізде «Домбыра» алаңы ашылып, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналып отыр.
Біз ел болып қалыптасу жолында түрлі кезеңдерді өткеріп, бүгінде қадамын нық басқан мемлекет қатарындамыз. Осы жолда сүрінбей, тасқа ұрынбай ғұмыр кешу үшін үкімет пен халық арасы етене жақын болуы тиіс. Үкімет тарапынан жасалып жатқан оң өзгерістерге халықтан қолдау табылса, елдің ертеңі жарық болмақ. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан еліміздің әрбір азаматы көкейінде жүрген сан сұрақ пен мәселенің біріне жауап, біріне шешім табарына сенімдіміз.

Қайрат ЖАНСАҒЫМОВ,
Жәйрем кентінің әкімі

10:05
59
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.